Сенат Қаңтар қатысушыларына рақымшылық жариялау туралы заң жобасын мақұлдады


27/10/2022
12:25 26231 0

Парламент сенаты қаңтар қатысушыларына бір реттік рақымшылық жариялауға қатысты заң жобасын мақұлдады. Құжат президентке қол қоюға жіберілді.

 

Құжатқа сәйкес, 4-7 қаңтар күнгі «заңбұзушылықтарға қатысы бар» 1,5 мыңнан астам адам амнистияға ілінеді. Құжат жеңіл және орташа ауыр қылмыс жасағандардың барлығын қылмыстық жауапкершіліктен толық босатуды, ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасап, сонысын мойындағандардың жазасын қысқартуды ұсынады.

 

Бұған дейін құқық қорғаушылар рақымшылық Қаңтар кезінде бейбіт халыққа оқ атқандарды жауаптан жалтаруға жағдай жасайды деп қауіптенген. Себебі, заң жобасы бойынша «қорғану мақсатында» немесе «кездейсоқ адам өлтіру» бабы бойынша айыпталғандар да рақымшылыққа ілінуі мүмкін.

Поделиться

Нет комментариев.

27/10/2022 12:25
26231 0

Уведомление